Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда ұшақ әуежайды екі сағат бойы айналып ұшқан

Жарияланған күні:

Әуеде ұшып бара жатқан ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтау халықаралық әуежайы өкілдері FlyArystan әуе компаниясының ұшағы әуежайды неліктен ұзақ уақыт айналып жүргенін түсіндірді. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, редакцияға ұшақтардың уақыт режимін бақылауға мүмкіндік беретін қызмет – Flightradar24 сайтынан скриншот жіберілген.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, FlyArystan әуе компаниясының KS1365 рейсі Ақтау әуежайына қонбай 2 сағаттай айналып жүрген.

Flightradar24 сайтынан мәліметтер
Flightradar24 сайтынан мәліметтер. Скриншот: lada.kz

"Бұл ұшақ екі сағат бойы әуежайды айналып жүр", - дейді алаңдаған қала тұрғындары.

Басылым авторларының жазуынша, Ақтау халықаралық әуежайының өкілдері осы жайтқа қатысты жауап берді.

"Бұл оқу-жаттығу рейсі, радарда ұшақ пен рейс нөмірі көрсетіледі", - деп түсіндірді әуежай өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127687-aqtauda-ushaq-auezhaidy-eki-sagat-boiy-ainalyp-ushqan/