Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қосымша ұшақтар жоқ": Скляр Air Astana рейстерінің кешігу себебін түсіндірді

Жарияланған күні:

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай форумы кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Air Astana рейстерінің кешігу себебін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер Роман Склярдан Air Astana рейстерінің неге кешіктіріліп жатқанын сұрады.

"Иә, рейстерде уақыт ауысымы болып жатыр. Бұл қосымша ұшақ жетіспеушілігінің нәтижесі, әсіресе, жыл сайын осындай сұрақтар туындайды. Өкінішке қарай, әсіресе, жазда осындай мәселе туындайды. Әрине, бұл сұрақ өте маңызды. Министрлік пен Air Astana өкілдері мәселенің шешімін табуға тырысып жатыр", - дейді Роман Скляр.

Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары рейстер жиілігінде өзгерістер бар екенін атап өтті.

"Бірақ азаматтарға сапасыз қызмет көрсетілуі компанияның жұмысын ақтамайды. Егер жолаушылардың құқығы бұзылса, заңға сәйкес шаралар қабылданады", - деді Роман Скляр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127741-qosymsha-ushaqtar-zhoq-skliar-air-astana-reisterining-keshigu-sebebin-tusindirdi/