Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызметкерлер шеруге шыққан": қазақстандықтар Анталия әуежайында рейстерін сағаттап күтуде (видео)

Жарияланған күні:

Әуежай. Көрнекі сурет
Әуежай. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркияның Анталия әуежайындағы наразылық шарасынан Қазақстандық әуе қомпаниялардың да рейстері кешігіп жатыр. Өйткені туристік шаһардағы әуежайдың жүздеген қызметкері наразылық шарасын тоқтататын емес. Олар бірнеше күннен бері жалақы көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, Анталия әуежайында жолаушыларды тіркеу баяу жүріп жатыр.

Сол себепті халықаралық және ішкі рейстер кестеден қалып жатыр. Арасында қазақстандық тасымалдаушылар да бар. Бірнеше күн қатарынан жалғасып келе жатқан шерудің кесірінен ұшу кестесі өзгеріп, кей рейстер уақытынан кешіктірілген.

Air Astana Анталия әуежайында рейстерді қабылдауда шектеулерге тап болғанын растап, отандық туристерді сабыр сақтауға шақырды. Қазір әуекомпаниясы жағдайды бақылап, кесте өзгерген жағдайда, оны жолаушыларға алдын ала хабарлауда.

Ал FlyArystan мен Scat Airlines ұшып-қону кестесі реттеле бастағынын айтты. Биыл Анталия әуежайы рекорд жаңартқан. Туристік маусымның қызған шағында әуежай күніне кемінде 200 мың жолаушы қабылдап, 1100-ге жуық рейске қызмет көрсеткен. Осындай ауыр жұмыс атқарып жатқандар лайықты жалақы төлеу мәселесін көтерді.

"Түрлі кедергілерге тап болған жағдайда сақтандыруы бар азаматтарға өтемақы қарастырылған. Тур-коды барлардың қонақ үйдегі ақысын "Қамқор" төлейді. Егер екі сағаттан астам уақыт кешіксе, сусын ұсынылуы тиіс. Ал төрт сағаттан соң әуе компаниясы тамақтандыруы керек. Сегіз сағаттан астам кешіксе, туристерге қонақ үй ұсынылады. Алайда қазір көптеген әуе компаниялары алдын ала ескертіп жатыр", - деді "Туристік қамқор" корпоратив қорының төрайымы Инна Рей.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127891-qazaqstandyqtar-antaliia-auezhaiynda-reisterin-sagattap-kutude-video/