Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір өңірінде қарақұрт қаптады

Опубликовано:

Қарақұрт
Қарақұрт. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте қарақұрт қаптады. Кейінгі екі айда қарақұрт шаққан 15 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, мегаполисте улы өрмекші шағып, көз жұмғандар тіркелмеген. Бірақ зардап шеккендер жәндік уының ағзаға ауыр екенін мойындайды.

"Ұйықтап жатқанда, бірдеңе мойнымнан тістеп алғандай болды, 10-15 минуттан кейін у бүкіл денеме тарады, бүйрегім істемей қалды. Ауруханаға бара жатқанда тыныс алуым қиындап кетті Осының бәрі бір жарым сағаттың ішінде болды", - дейді шымкенттік Саят Тұрмаханбетов.

Қарақұрт Қазақстанның оңтүстігінде жиі кездеседі.

Өрмекшінің қауіпті кезеңі мамырдан қыркүйекке дейін. Әлсіреген дене уланудың әсеріне төтеп бере алмай, адам 5-6 сағаттан кейін өліп кетуі мүмкін.

Дәрігерлер қарақұрт шағып алған жағдайда тезірек ауруханаға бару керек деп кеңес береді.

"Науқастың жағдайы жасына да байланысты. Егер жасырақ адам боласа, тезірек жазылуы мүмкін. Егде жаста болса, қант диабеті, артериялық гипертензия немесе басқа созылмалы аурулар болса, жазылуы қиын болады", - дейді Шымкент қалалық гипербарикалық оттегімен қамтамасыз ету орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов.

Дереккөз: КТК

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127894-qazaqstannyng-tagy-bir-ongirinde-qaraqurt-qaptady/