Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін ұрып-соққаны үшін қамауға алынған экс-дипломат ісі: сотқа апелляциялық шағым түсті

Опубликовано:

Статуэтка богини правосудия Фемиды с завязанными глазами
Статуэтка Фемиды: Unsplash/Tingey Injury Law Firm

Әйелін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігіндегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың ісі бойынша Астана қалалық сотына апелляциялық шағым түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жоғарғы сот порталындағы сот кабинетінде жарияланған іс материалдарына сәйкес, бүгін, 2024 жылғы 3 шілдеде іс бойынша апелляциялық шағым түскен. Әкімшілік іс Астана қалалық сотында қаралады.

Ал Астана қалалық сотының сот кабинетінде істі қарау 3 шілдеде өтетіні туралы ақпарат жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің экс-кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамалғаны белгілі болған еді.

Сонымен қатар Астана соты БАӘ-дегі Қазақстанның елшісінің бұрынғы кеңесшісіне қатысты қосымша мәлімдеме жасағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128431-aielin-uryp-soqqany-ushin-qamauga-alyngan-elshining-eks-kengesshisi-isi-boiynsha-sotqa-apelliatsiialyq-shagym-tusti/