Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді

Жарияланған күні:

таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ

6 шілде, сенбіде ХҚКО жұмыс істемейді. Дүйсенбі, 8 шілдеде, азаматтарды тек кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО қабылдайды, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері хабарлағандай, Астана күнін тойлауға байланысты ХҚКО жұмыс кестесі түзетіліп жатыр.

Елорда күніне байланысты 6 шілдеде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні 8 шілдеде азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар ғана қабылдайды.

9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кестеге сай жұмыс істейді.

Ведомство орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайтынын еске салады. Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекшілік ететін арнайы ХҚКО-лар кезекші жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

ХҚКО-ларға кезекті "ХҚКО" және eGov mobile қосымшалары, EgovKzBot2.0 Telegram боты, сондай-ақ 1414 телефоны арқылы брондауға болады.

Кезекші орталықтардың мекенжайлары
Кезекші орталықтардың мекенжайлары. Фото: t.me/gov4c_resmi

Кезекші орталықтардың мекенжайлары
Кезекші орталықтардың мекенжайлары. Фото: t.me/gov4c_resmi

Сондай-ақ ХҚКО-лар Қазақстан заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден деректерді алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128974-hqko-zhane-arnaiy-hqko-lar-mereke-kunderi-qalai-zhumys-isteidi/