Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасарлары тағайындалды

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрінің бұйрығымен ШҚО ПД бастығының орынбасарлары лауазымына полиция полковнигі Қазбек Тақжанов пен полиция подполковнигі Эльдар Қарсақбаев тағайындалды. Бұл туралы өңірлік ПД ресми сайтында хабарлады.

Жаңа орынбасарларын жеке құрамға облыстың департамент бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков таныстырды.

Эльдар Қарсақбаев пен Қазбек Тақжанов
Эльдар Қарсақбаев пен Қазбек Тақжанов. Фото: ШҚО ПД

Қазбек Тақжанов Риддер қаласының тумасы, құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазақстан-Америка еркін университетін бітірген. Ол қызметтік жұмысын Солжағалау полиция бөлімінің анықтаушысы ретінде бастаған, тергеу бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі 24 жылға жуық уақытты құрайды. Ол тергеу және криминалистикалық бөлімшелерге жетекшілік ететін болады.

Эльдар Қарсақбаев құқық қорғау органдарында 2006 жылдан бері қызмет етеді, Ұлан ауданының тумасы. Шығыс гуманитарлық институтын бітірген. Қызметтік жолын жедел қамтамасыз ету орталығының инспекторы болып бастаған. Подполковник Қарсақбаев ШҚО ПД Ақпараттандыру және байланыспен қамтамасыз ету саласына жетекшілік ететін болады.

Әріптестерін жеке құрамға таныстырған өңірдің бас полицейі олардың алына басқаратын бағыттары бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129163-shqo-politsiia-departamenti-basshysynyng-orynbasarlary-tagaiyndaldy/