Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Маңғыстау облысында арнайы операция жүргізді (фото)

Опубликовано:

ҰҚК Маңғыстауда арнайы операция жүргізді
ҰҚК Маңғыстауда арнайы операция жүргізді. Фото: ҰҚК

ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚК ақпаратынша, 21 маусымда Маңғыстау облысында 10 кг гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

Тінту барысында олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынды.

Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін түзеу мекемесінде отырған шетелдік азамат есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Сотталушының жойылған есірткі арнасына қатысты бар екені Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды.

"Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129385-uqk-manggystau-oblysynda-arnaiy-operatsiia-zhurgizdi-foto/