Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда сейф ұрлығы камераға түсіп қалған

Жарияланған күні:

Ұрлық. Фото
Ұрлық. Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында кеңседегі сейф ұрлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Полицейлер қылмысты жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Ішкі Істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ІІМ ақпараттық медиа порталының хабарлауынша, 28 маусымнан 29 маусымға қараған түні қала орталығында орналасқан кеңселердің біріне белгісіз біреу кіріп, ішінде бір миллион теңгеге жуық ақшасы бар темір сейфті ұрлап кеткен.

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 26 жастағы облыс тұрғыны ұсталды", - деп хабарлады Ішкі Істер министрлігі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ұрланған сейф тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129556-batys-qazaqstanda-seif-urlygy-kameraga-tusip-qalgan/