Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер алдағы үш күнге, яғни 6-8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Одан бөлек, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Жауын-шашынға қарамастан, елде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады:
- республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында +20...+28°С шамасында;
- оңтүстік-шығыста +25...+33°С-қа дейін;
- республиканың батысы мен оңтүстігінде +33...+40°С-қа дейін қатты ыстық сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129565-demalys-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/