jitsu gif

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 6-8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Одан бөлек, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Жауын-шашынға қарамастан, елде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады:

  • республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында +20...+28°С шамасында;
  • оңтүстік-шығыста +25...+33°С-қа дейін;
  • республиканың батысы мен оңтүстігінде +33...+40°С-қа дейін қатты ыстық сақталады.

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.