Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада халық саны 1,5 млн адамға жуықтады

Жарияланған күні:

Елорда күні
Астана. Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова

Елорда күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы мегаполис халқының саны, астаналықтардың өмір сүру ұзақтығы және қаладағы ерлер мен әйелдердің саны туралы мәліметтерді жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Бюро мәліметінше, 2024 жылғы 1 маусымда халық саны 1 464 415 адамға жетті, елордада 696 234 ер адам, 768 181 әйел тұрады.

"2023 жылы Астанада өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда – 78,09 жас, ерлер үшін орташа 74,23 жас болса, әйелдердікі – 81,28 жас.

2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы: ерлер – 28,2 жас, әйелдер – 26,4 жас", - делінген мәліметте.

Мамандар 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті 1000 адамға 19,50 болғанын мәлім етті.

Сонымен қатар елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129634-astanada-halyq-sany-1-5-mln-adamga-zhuyqtady/