Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі бостандыққа шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Арыстанбек Мұхамедиұлы сот залында
Арыстанбек Мұхамедиұлы сот залында. Фото: NUR.KZ

Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның жұбайы адвокатымен бірге жуырда шығарылған сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Оларға пара алуға әрекет жасады деген айып тағылған. Астана соты шешім шығары, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Сотталған адвокаттың қорғаушысы Карина Жұмағазиева сотта жазықсыз адам сотталғандықтан сот шешімін күшінде қалдыруға болмайтынын айтты.

Арыстанбек Мұхамедиұлының ұлы Димаш Мұхамеди Мұхамедиұлы отбасын қорғап сөз сөйледі, ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Жаңа Қазақстан" үшін алғысын білдіріп, бұл халыққа үміт беретінін жеткізді.

Сотта прокурор Арман Қазикен үкімді өзгеріссіз қалдыру керек екенін айтты.

Үзілістен кейін Астана соты апелляциялық шағым бойынша шешім шығарды. Мұхамедиұлының жұбайы Ғалия Ысқақоваға қатысты сот үкімі өзгертілді.

"Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ғалия Ысқақоваға қатысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы үкімін өзгерту туралы шешім қабылдады. Ғалия Ысқақованың іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 368-бабының 1-бөлігінен ("Парақорлыққа делдал болу") Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігіне ("Қылмыс жасауға оқталу") ауыстырылды.

Бірақ бұрын тағайындалған 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өзгеріссіз қалдырды.

Сонымен бірге 2023 жылғы 5 шілдеден бастап Ғалия Ысқақованы үйқамақта ұстау мерзімін ескере отырып, үкім заңды күшіне енгенге дейін бір тәулікке бас бостандығынан айыру екі тәулікке қамауға алу есебімен Ғалия Ысқақоваға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза өтелген деп есептелді. Ғалия Ысқақоваға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза өтелген деп есептелді", - делінген хабарламада.

Осылайша, апелляциялық соттың қаулысымен Арыстанбек Мұхамедиұлына және Мұстахим Төлеев қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, ал Ғалия Ысқақоваға қатысты үкім өзгертілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129790-sot-ukimi-boiynsha-arystanbek-muhamediulynyng-aieli-bostandyqqa-shyqty/