Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Домбыра аспабы
Қазақтың қара домбырасы. Көрнекі сурет: topuch.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х-тегі парақшасында құттықтау жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін!" - деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері атап өтіліп келеді. Сол жылы шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілген.

Сондай-ақ аспап туралы қызық деректерді ұсынған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130243-toqaev-qazaqstandyqtardy-ulttyq-dombyra-kunimen-quttyqtady/