Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық домбыра күні: ШҚО-да 20-ға жуық полиция көлігі ұлттық аспап түрінде орналасты

Жарияланған күні:

Полиция көліктері
Полиция көліктері. Фото: polisia.kz

ШҚО-да 20-ға жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты. Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Мереке қарсаңында облыстық Полиция департаментінің шеру алаңында 20-ға жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты. Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындаған.

"Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін", - деп құттықтады ШҚО ПД бастығы генерал-майор Ерлан Омарбеков.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130270-ulttyq-dombyra-kuni-shqo-da-20-ga-zhuyq-politsiia-koligi-ulttyq-aspap-turinde-ornalasty-video/