Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да Шалқар көлінің жағасында әйел адамға найзағай түсті

Опубликовано:

Найзағай жарқылы
Найзағай жарқылы: freepik.com

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шалқар көлі жағасында найзағай түскен адам мерт болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға 7 шілде күні сағат 17.00 шамасында болған. Көл жағасында демалып жатқан 39 жастағы ресейлік әйел кенеттен болған оқыс оқиғадан көз жұмған. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17.13-те Сарыөмір дәрігерлік амбулаториясына Шалқар демалыс орнында 1984 жылғы адамға найзағай түскені жөнінде хабар келген. Оқиға орнына барған фельдшер судағы адамның қайтыс болғанын анықтады. 

Теректі ауданы Сарыөмір дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Алмагүл Салахиева болған жағдайдан соң көп өтпей әйел адамның жан тәсілім еткенін жеткізді. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130558-bqo-da-shalqar-kolining-zhagasynda-aiel-adamga-naizagai-tusti/