jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

"Маңызды рөл ойнамайды": Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған түлектің сөзіне пікір білдірді

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде ҰБТ-дан бір балл жинаған қазақстандық түлектің видеосы тарап жатыр. Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері талапкердің нәтижесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҰБТ-да бір ұпай жинаған түлектің есімі – Ерасыл. Ол видеоны TikTok-тағы жеке парақшасында жариялады.

Видеода Ерасыл неліктен 1 балл алғанын сұрап жазатындардың көбейіп кеткенін және алдағы уақытта немен айналысатынын айтты.

"ҰБТ-мен өмір тоқтай ма? Әрине, жоқ", - дейді Ерасыл видеода. Сондай-ақ көптеген табысты адамның мекепте нашар оқығанын алға тартты.

Ол Дональд Трамп, Билл Гейтс және Стив Джобсты мысалға келтірді.

Видеоға Ұлттық тестілеу орталығы түсініктеме берді.

"12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда 1 балл алды, алайда оның тестілеуден бар болғаны 4 минутта өткенін атап өткен жөн", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ орталық өкілдері талапкерлер грант байқауына қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан екі сертификаттың бірін таңдай алатынын еске салды.

"Маңызды рөл ойнамайды": Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған түлектің сөзіне пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.