Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Су сапасы өзгеруі мүмкін": әкімдік өкілдері алматылықтарға ескерту жасады

Жарияланған күні:

Жуынатын бөлмедегі қол жуғыш
Жуынатын бөлмедегі қол жуғыш. Көрнекі фото: Artem Hvozdkov / Getty Images

16 шілдеде Алматыда су құбыры желілерінде профилактикалық жұмыстар болады деп жоспарланған. Соған байланысты әкімдік қала тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Алматыда сумен жабдықтау желілерінде профилактикалық жұмыстар жоспарланған: 16 шілде сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жабдық ауыстырылады.

Әкімдік мәліметінше, қаланың кейбір ауданында суық сумен жабдықтау шектеледі.

Сумен жабдықтау шектелетін аумақтар:

  • Медеу ауданы: Достық даңғылы – Қажы Мұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – Сәтбаев көшесі, Самал шағын ауданы-1,2,3.
  • Бостандық ауданы: Әл-Фараби даңғылы – Батыс Желтоқсан көшесі – Ганди көшесі – Назарбаев даңғылы.

"Жұмыстан кейін судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін. Су құбыры желілері толық шайылып кеткенге дейін кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналар мен өзге де құрылғыларды пайдаланбаған жөн.

Ақпарат алу үшін "Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметіне 274-66-66 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131578-su-sapasy-ozgerui-mumkin-akimdik-okilderi-almatylyqtarga-eskertu-zhasady/