"Су сапасы өзгеруі мүмкін": әкімдік өкілдері алматылықтарға ескерту жасады
Жарияланған күні:
16 шілдеде Алматыда су құбыры желілерінде профилактикалық жұмыстар болады деп жоспарланған. Соған байланысты әкімдік қала тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Алматыда сумен жабдықтау желілерінде профилактикалық жұмыстар жоспарланған: 16 шілде сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жабдық ауыстырылады.
Әкімдік мәліметінше, қаланың кейбір ауданында суық сумен жабдықтау шектеледі.
Сумен жабдықтау шектелетін аумақтар:
- Медеу ауданы: Достық даңғылы – Қажы Мұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – Сәтбаев көшесі, Самал шағын ауданы-1,2,3.
- Бостандық ауданы: Әл-Фараби даңғылы – Батыс Желтоқсан көшесі – Ганди көшесі – Назарбаев даңғылы.
"Жұмыстан кейін судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін. Су құбыры желілері толық шайылып кеткенге дейін кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналар мен өзге де құрылғыларды пайдаланбаған жөн.
Ақпарат алу үшін "Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметіне 274-66-66 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131578-su-sapasy-ozgerui-mumkin-akimdik-okilderi-almatylyqtarga-eskertu-zhasady/