Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда 10 шілдеде ауыз су уақытша өшіріледі

Жарияланған күні:

Ауыз су
Ауыз су. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтауда 10 шілде түнде ауыз су өшіріледі. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым мәліметінше, ауыз су Орталық сумен жабдықтау тораптары-2, Орталық сумен жабдықтау тораптары-3 магистральдық құбырындағы мәжбүрлі жөндеу жұмыстарына байланысты өшіріледі.

"Бүгін, 10 шілдеде сағат 22.00-ден 11 шілде 08.00-ге дейін Орталық сумен жабдықтау тораптары-3-тен қаланың жоғарғы және төменгі аймақтарына ауыз су беру тоқтатылады. Орталық сумен жабдықтау тораптары-4-те ауыз су беру штаттық режимду жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген компанияның баспасөз қызметі хабарламасында.

Орталық сумен жабдықтау тораптары-3 қаланың төменгі аймағын 1-ден 8-ге дейінгі, 14 және 15-ші, 22-ден 29-ға дейінгі шағын аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Еске салайық, Ақтаудағы шағын аудандардың бірінде судың жоқтығына наразы болған азаматтардың жолды жауып тастағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131713-aqtauda-auyz-su-oshiriledi/