Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде суға батып бара жатқан баланы құтқару сәтінің видеосы тарады

Жарияланған күні:

Құтқару сәті. Фото
Құтқару сәті. Фото: kris_p_talgar

Алматы облысының Талғар ауданында жол жөнекей кетіп бара жатқан ер адам суға батып кете жаздаған кішкентай баланы құтқарып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Суға батып бара жатқан баланы құтқару сәтінің видеосы Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында жарияланды.

Бейнежазбадан ер адамның ағысқа қарсы жүзіп, кішкентай баланы құтқаруға тырысып жатқанын көруге болады. Абырой болғанда оқиға сәтті аяқталып, ер адам баланы аман алып қалған.

Куәгерлердің айтуынша, бала ағынды суға абайсызда аяғы тайып, құлап кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында екі оқушы қыздың өзенге батып кеткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131812-zhelide-suga-batyp-bara-zhatqan-balaqaidy-qutqaru-satining-videosy-tarady/