Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ: "Семей орманы" филиалының директоры мен сыбайластары ұсталды (видео)

Опубликовано:

Ұстау операциясы. Фото
Ұстау операциясы. Фото: polisia.kz

Абай облысында полицейлер "Семей Орманы" филиалының директорын ұстады. Онымен бірге тағы бірнеше адам полицияға жеткізілді. Олар ағаш ұрлады деген күдікке ілінген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, 9 шілдеде Абай облысының аумағында Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойған.

"Ағаш жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді.

Филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ведомство өкілі күдіктілердің лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

"Еске салсақ, қаңтарда Павлодар облысында "Ертіс орманы”"республикалық мемлекеттік мекемесінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топ ұсталған болатын. Күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету, мүше болу фактілері бойынша іс тергелуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", - деді Қуандық Алпыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132184-semei-ormany-filialynyng-direktory-ustaldy/