Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Үндістаннан келген екі ер адам тұтқындалды

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

Полиция екі Үндістан азаматын ұстады, олардан мефедрон пакеттері табылды. Шетел азаматтары қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің қызметкерлері арнайы операция барысында 24 және 26 жастағы екі Үндістан азаматын ұстаған.

Тәртіп сақшылары олардан белгісіз зат салынған пакеттерді тәркілеген. Кейін сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша, пакеттің ішінде "мефедрон" есірткісі болғаны анықталған.

Ішкі істер министрлігі өкілдерінің мәліметінше, шетелдіктер қылмысын мойындаған.

"Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Қуатбек Науатов.

Қазір Алматыда есірткі арнасы мен оны өндірудің ықтимал көздері анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбады.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132436-almatyda-undistannan-kelgen-eki-er-adam-tutqyndaldy/