Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты жаңбыр, дауыл": елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Жауын
Жауын-шашын. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер елімізде 13-15 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райына оңтүстік циклон әсер етіп, еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады.

Тек еліміздің солтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстында, орталығында және солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Сондай-ақ 13 шілдеде елдің батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Бұдан бөлек, Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп болжанған.

Метеорологтардың мәліметінше, оңтүстікте ауа температурасы күндіз +20...+35°С дейін төмендеуі күтіледі, қалған аумақтарда күрт өзгерістер болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133021-qatty-zhangbyr-dauyl-elimizde-aldagy-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/