Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында сарбаз комаға түсті: Қорғаныс министрлігі өкілі істің мән-жайын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әскери қызметкер
Әскери қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғулин комаға түскен сарбаздың жағдайы туралы мәлімет беріп, тергеудің кейбір жай-жапсарын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Руслан Жанғулиннің айтуынша, денсаулығы сыр берген сарбаз қазір Алматы әскери-клиникалық госпиталінде, оған барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

"Әскери дәрігерлер, сондай-ақ басқа да мамандар оны күнделікті тексеріп, барлық медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Бүгінде оның жағдайы тұрақты және ауыр деп айта аламыз, жақсарып келеді.

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған әскери қызметшіге қатысты әскери тергеу органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды", - деді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.

Журналистертердің "Ол екінші сержант болды ма?" деген сауалына Жанғулин былай деп жауап берді:

"Иә, бұл келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметкер, бүгінде тергеу органдары оған қатысты шара қолданып жатыр", - деді ол.

Еске сала кетейік, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері комаға түскен сарбаздың жағдайы туралы пікір білдірген еді.

Ведомство мәліметінше, науқас Қордай аудандық орталық ауруханасына 9 маусымда сағат 08:18-де Гвардейск әскери госпиталінен жедел медициналық көмек көрсетілуі үшін "полисегментарлық пневмония" диагнозымен түскен. Жігітке оң жақ плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок, сепсис, органдар жетіспеушілігі синдромы, мидың гипоксиялық ісінуі, 2-3 дәрежелі церебралды кома диагнозы қойылған.

Кейін сарбаздың туыстары видеоүндеу жасап, оқиғаның мән-жайын айтып берген. Кейінірек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысқаны белгілі болды.

"Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ал Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133174-zhambyl-oblysynda-sarbaz-komaga-tusti-qorganys-ministrligi-isting-man-zhaiyn-aitty/