Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды

Жарияланған күні:

Ерлан Қожағапанов
Фото: kazfootball.kz

Антикор бюджет қаражатын жымқырды және өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап хабарлайды.

"Агенттік бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі мен мердігер ұйымның басшылығына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Бұл істердің әрқайсысы бойынша залал 1 млрд теңгеден асады", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, биыл наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталғанын растады.

Үкімет сайтының мәліметіне сүйенсек, Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісінің маманы.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 

2013-2016 жылдары спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, Футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында премьер-министр кеңесшісінің м. а., кеңесшісі қызметін атқарған.

2017-2019 жылдары — мәдениет және спорт вице-министрі.

2019 жыл, тамыз- 2021 жыл, сәуір Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133258-buryngy-madeniet-zhane-sport-vitse-ministri-qozhagapanovqa-qatysty-tergeu-aiaqtaldy/