Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі қарап тұрды": Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы бұрынғы әйелі мен балаларын қуып шықты деп айыпталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқиға болған жер
Оқиға болған жер. Видеодан кадр: instagram.com/dana_ateshova

Қазақстандық әйел Дана Әтешованың айтуынша, 12 шілдеде бұрынғы күйеуі, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы оны үйінен күштеп қуып шықпақ болған. Полицейлер жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дана Әтешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновті үйінен күштеп шығарды деп айыптады. Әйел сол жерде не болғаны көрсетілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Видеолардың бірінде кішкентай қыздың мұрны қанағанын да көруге болады.

Сондай-ақ видеода бір ер адам айқайлап жатқан әйелді күшпен сүйреп шығарып жатқаны түсірілген.

Кадрларда полицейлер мен басқа да адамдарды байқауға болады.

"Әйтенов мені үйден қуып шықты. Сыртқа сүйреп шығарды, ұрды, полицейлер, жеке сот орындаушылары да қарап тұрды. Ер адамның бәрі қарап тұрды", - делінген видеоның астында.

Астана ПД пост астында жағдайға түсініктеме берді.

"Жеке сот орындаушыларының тұрғын үйден шығару туралы сот шешімін орындау барысында бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасында жанжал болған. А.-ның бұрынғы күйеуінің физикалық күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Астана ПД өкілдері.

Бұл жайт туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді.

"Дана Әтешова мен оның балаларына қатысты қазіргі жағдайға байланысты айтар болсақ, анасымен байланыстамыз. Бұл жағдай бойынша қалалық прокуратураға жүгіндік.

Сондай-ақ Бас прокуратураға кәмелеттік жасқа толмағандарға қысым көрсету, қорлау немесе қорқытудың жолын кесу және осы деректерді жан-жақты қарау бойынша кешенді шаралар қабылдау туралы үндеу жіберілді", - деп жазды омбудсмен Instagram желісіндегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133486-bari-qarap-turdy-shymkentting-eks-akimining-agasy-buryngy-aieli-men-balalaryn-quyp-shyqty-dep-aiyptaldy/