Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайтып келе алмаған": Жетісу облысында қайықтағы үш адам құтқарылды

Жарияланған күні:

Қайық
Көрнекі фото: piqsels.com

Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қайықтағы үш адамды құтқарды. Олар жүзу құралының қозғалтқышының ақаулығынан қайтып келе алмаған, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Ақши ауылында ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінің жағалауынан 12 шақырым қашықтықта 3 ер адамды құтқарып, жағалауға жеткізді", - делінген ресми хабарламада.

Белгілі болғандай, олар жүзу құралының қозғалтқышының ақаулығынан қайтып келе алмаған. Ер адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізінде қолдан жасаған жүзу құралына мініп, жағаға қайтып келе алмаған 6 бозбала құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133684-qaityp-kele-almagan-zhetisu-oblysynda-qaiyqtagy-ush-adam-qutqaryldy/