"Жүзу құралын қолдан жасаған": Каспий теңізінде алты бозбала құтқарылды (видео)
Жарияланған күні:
Каспий теңізінде қолдан жасаған жүзу құралына мініп, жағаға қайтып келе алмаған 6 бозбала құтқарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды
Бүгін, 10 шілдеде ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықтықта қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп, қайтып келе алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жігітті құтқарып, жағалауға жеткізді.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, оларға медициналық көмек қажет болмады.
Осы орайда ТЖМ өкілдері азаматтарға ескерту жасады:
- құтқару кеудешесін киіңіз;
- жүзу құралын ішімдік ішкен күйінде басқармаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысында катамаранда отырған үш туристі жел ұшырып әкетіп, оларды ТЖМ мамандары құтқарған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2131602-zhuzu-quralyn-qoldan-zhasagan-kaspii-tengizinde-alty-bozbala-qutqaryldy-video/