Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр өңірінде "Таза су айдындары" акциясы өтті

Жарияланған күні:

Сыр өңірінде "Таза су айдындары" акциясы өтті
Сыр өңірінде "Таза су айдындары" акциясы өтті. Фото: Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

Бүгін 14 шілдеде Қызылорда облысында республикалық "Игі істер марафоны" аясында "Таза су айдындары акциясы" ұйымдастырылды. Бұл туралы өңірлік қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы акцияның мақсаты - табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.

Ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары нәтижесінде су айдындары мен өзен, көлдер жағалаулары және аяқсу арықтарының бойы тазартылды.

Сыр өңірінде "Таза су айдындары" акциясы өтті
Сыр өңірінде "Таза су айдындары" акциясы өтті. Фото: Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

Тазалық апталығы аясында облыстағы Сырдария өзенінің жағалауы мен Қалғандария, Елтай, Шіркейлі" және т.б. су арналарының жағалауларына қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Аталған акцияға мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, жастар және еріктілер, мекеме қызметкерлері белсенді түрде атсалысты. Акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сыр өңірінде "Таза су айдындары" акциясы өтті
Сыр өңірінде "Таза су айдындары" акциясы өтті. Фото: Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметі

Айта кетейік, облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары тек акция аясында ғана емес, аймақтағы барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133744-syr-ongirinde-taza-su-aidyndary-aktsiiasy-otti/