Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ пен дауыл: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Дауыл
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысының батысында, орталығында, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл және найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр болады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солүстік-батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 15 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с болады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзайғай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 37 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133807-burshaq-pen-dauyl-qazaqstannyng-birneshe-ongirinde-dauyldyq-eskertu-zhariialandy/