Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Утильалым: петиция бойынша қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды

Жарияланған күні:

Ескі көліктер
Ескі көліктер. Фото: pexels.com

Утильалымды алып тастау бойынша 50 мың қол жинаған петиция бойынша қоғамдық тыңдау қашан өтетіні белгілі болды. KAZ.NUR.KZ бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ертең, 15 шілдеде утиль алымы мәселелері жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауы өтеді", - делінген ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында.

Тыңдау Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің YouTube-тегі арнасында, Трансляциялар бөлімінде тікелей эфирде көрсетілетіні айтылған.

Бұған дейін осы петиция бойынша алғашқы отырыс өткенін жазған едік. Бұл отырыста өнеркәсіп вице-министрі петицияға 50 мың адам қол қойғанын және оны қарау және оны тиімді талқылау және барлық тараптың мүдделеріне сай келетін шешімдерді әзірлеу үшін сындарлы түрде қарау маңызды екенін атап өткен.

Айта кетейік, биылғы 25 мамырда утильалымға қарсы петиция E-Petition.kz порталында жарияланған. Осы уақытқа дейін петицияға 50 мыңнан аса адам қол қойған.

Петиция авторлары 8 жыл бұрын утильалымды енгізу бәсекелестіктің жойылуына және соның салдарынан автокөліктердің, ауыл шаруашылығы техникаларының және арнайы техникалардың бағасының күрт өсуіне әкелді деп есептейді.

"Автокөлік пен механикаландыруға қатысты барлық нәрсенің бағасы өсті: жүк тасымалдау, механикаландыру және қоғамдық көлік қызметтері, азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, тұрғын үй құны және тағы басқалар қолжетімсіз бағаға байланысты Қазақстан азаматтары өздерінің жеке көліктерін жаңартуды тоқтатты, елдегі көліктер паркі қатты ескірді", - делінген петицияда.

Кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр берген сұхбатында утильалым жойылса, Қазақстанда ескі көліктер қаптап, экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғатынын мәлімдеген. Оның алдында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстанда утильалымды алып тастау туралы идеяны "делдалдар" алға тартып жатқанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2133810-utilalym-petitsiia-boiynsha-qogamdyq-tyngdau-qashan-otetini-belgili-boldy/