jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

112 қызметі оңтүстік астана тұрғындарына өзендерде су деңгейі көтерілетінін ескертті. Бұл туралы азаматтарға SMS хабарлама келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құтқарушылардың мәліметінше, 15-16 шілдеде Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Сонымен қатар алматылықтарға қалада найзағай ойнауы мүмкін екені ескертілді.

Скриншот
Ескерту. Скриншот: 112

Айта кетейік, 15 шілдеде Алматыда дауылдық ескерту жарияланған болатын. Қазгидрометтің хабарлауынша, қалада найзағай ойнап, жел күшейеді.

Ал солтүстік, оңтүстік, Алматы облысының таулы аймақтарында кейде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте, оңтүстікте, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Сонымен бірге күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда апта бойы жаңбыр жауатыны туралы жазған едік.

Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.