Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Утильалым: министрлік петиция талабын орындаудан бас тартты

Жарияланған күні:

Ескі көліктер
Ескі көліктер. Фото: pexels.com

Утилализациялық алымды алып тастау бойынша 50 мың қол жинаған петицияға қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі утильалымға қатысты қандай шешім қабылданғанын айтты.

"Петицияда көрсетілген уәждердің шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ шешім жобасын жария талқылау барысында өзге негіздемелер ұсынылмағанын ескере отырып, келесі ұсынылады: Петицияны қанағаттандырудан бас тартылсын!", - деді Интеграция және халықаралық қатынастар департаментінің директоры, министрліктің ресми өкілі Әділбек Бектібаев.

Ол мұндай шешімнің қабылдану себебін түсіндірді.

"Қылмыстық тазалығы мен қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейтін ескі автокөліктерді елге әкелудің өсуіне әкеледі. Нәтижесінде адал сатып алушы зардап шегеді, яғни өз көлігінсіз қалуы немесе ЖКО-на түсуі, өзінің және басқа адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Автопарктің едәуір ескіруіне, бұл экологияға кері әсерін тигізеді. Бізге не айтса да, өкінішке қарай, елден ескі көліктерді әкету жүзеге асырылмаған.

Елімізде 633 мыңнан астам көлік міндетті техникалық тексеруден әлі өтпеген. Мұндай көліктерді не істеу керектігін ешкім білмейді, мүмкін мұндай көліктер жоқ та шығар немесе пайдалануға жарамсыз. Ел экономикасына кері әсерін тигізетін жаңа автокөліктердің заңды саудасының үлесінің төмендеуі, сондай-ақ біз күресуге тиісті көлеңкелі нарықтың өсуі. Осының барлығы біздің нарықта ескі автопаркті сату арқылы ЕАЭО-дағы серіктестердің көлік паркін жаңартуға оң әсерін тигізеді", - деді ол.

Петицияға қатысушылардың бірі шараға министрдің қатыспауы заңға қайшы екенін мәлімдеді. Ол қоғамдық қабылдауды "шоу" деп атады.

"Бәрі заң бойынша болуы керек. Заң бойынша қоғамдық қабылдауға министр қатысуы керек еді. Жұмыс тобы әр сөйлем талқыланып, шешім қабылдауы керек. Мұндай болған жоқ. Сіз мұны қоғамдық қабылдау деп ойлайсыздар ма? Бұл – шоу", - деді ол.

"Біз жұмыс тобында сіздердің өтінішіңізді қарадық. Құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, барлығы заң шеңберінде", - деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Бұған дейін осы петиция бойынша алғашқы отырыс өткенін жазған едік. Бұл отырыста өнеркәсіп вице-министрі петицияға 50 мың адам қол қойғанын және оны қарау және оны тиімді талқылау және барлық тараптың мүдделеріне сай келетін шешімдерді әзірлеу үшін сындарлы түрде қарау маңызды екенін атап өткен.

Айта кетейік, биылғы 25 мамырда утильалымға қарсы петиция E-Petition.kz порталында жарияланған. Осы уақытқа дейін петицияға 50 мыңнан аса адам қол қойған.

Петиция авторлары 8 жыл бұрын утильалымды енгізу бәсекелестіктің жойылуына және соның салдарынан автокөліктердің, ауыл шаруашылығы техникаларының және арнайы техникалардың бағасының күрт өсуіне әкелді деп есептейді.

"Автокөлік пен механикаландыруға қатысты барлық нәрсенің бағасы өсті: жүк тасымалдау, механикаландыру және қоғамдық көлік қызметтері, азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, тұрғын үй құны және тағы басқалар қолжетімсіз бағаға байланысты Қазақстан азаматтары өздерінің жеке көліктерін жаңартуды тоқтатты, елдегі көліктер паркі қатты ескірді", - делінген петицияда.

Кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр берген сұхбатында утильалым жойылса, Қазақстанда ескі көліктер қаптап, экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғатынын мәлімдеген. Оның алдында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстанда утильалымды алып тастау туралы идеяны "делдалдар" алға тартып жатқанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134032-utilalym-ministrlik-petitsiia-talabyn-oryndaudan-bas-tartty/