Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде алдағы күндері жаңбыр жауып, күн суытады деп болжанды

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді. Синоптиктер еліміздің кей жерлерінде ауа температурасы төмендейтінін айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталықта, сондай-ақ 16-17 шілдеде – солтүстік-батыста, оңтүстікте, 17-18 шілдеде – шығыста қатты жаңбыр күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал.

Республиканың батысында күндіз ауа температурасы +25...+36 градус, республиканың солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +25...+30 градус жылы. Термометр көрсеткеткіші елдің оңтүстігінде +27...+37 градус, оңтүстік-шығыста +25...+35 градусты көрсетеді.

Солтүстікте, орталықта күндіз ауа температурасы +21...+30 градусқа дейін, ал шығыста +23...+32 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134212-elimizde-aldagy-kunderi-zhangbyr-zhauyp-kun-suytady-dep-bolzhandy/