Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент экс-әкімінің ағасына қатысты іс: ер адам бұрынғы әйелінің үстінен қарсы арыз түсірді

Жарияланған күні:

Құжат толтырып отырған полицей
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы бұрынғы әйелінің үстінен қарсы арыз жазды. Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды .

Астана қаласы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, азамат А. өзіне дене жарақатын келтірде деп бұрынғы жұбайының үстінен арыз жазған.

"Бұл фактіні тексеру үшін қылмыстық іс қозғалып, оның шеңберінде дене жарақаттарының бар-жоғын және ауырлық дәрежесін анықтау үшін қажетті сараптама тағайындалды. Сондай-ақ барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіледі", - дейді елордалық полиция департаментінің өкілдері.

Полиция департаменті зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол беруге болмайтынын және заңға сәйкес құқықбұзушыларға қатысты қатаң шара қолданылатынын ескертеді.

Еске сала кетсек, Дана Әтешова есімді әйел 12 шілдеде бұрынғы күйеуі, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы оны үйінен күштеп қуып шықпақ болғанын мәлімдеді.

Әйел сол жерде болған жайт көрсетілген видеоны желідегі парақшасында жариялады.

Ол бұрынғы күйеуі күш көрсетіп жатқанда полицейлер мен сот орындаушылар қарап тұрғанын айтты. Бұған қатысты пікір білдірген Астана қалалық ПД өкілдері жағдайға түсініктеме берді.

"Жеке сот орындаушыларының тұрғын үйден шығару туралы сот шешімін орындау барысында бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасында жанжал болған. А.-ның бұрынғы күйеуінің физикалық күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Астана ПД өкілдері.

Ал бүгін, 15 шілдеде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасына қатысты іс қаралды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамауға алынды.

Кейін Астана қаласы ПД ақпаратынша, өзінің бұрынғы жұбайына дене жарақаттарын келтіру фактісі бойынша азамат А.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134371-shymkent-eks-akimining-agasyna-qatysty-is-er-adam-buryngy-aieline-qarsy-aryz-zhazdy/