jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Антикор іздеуде жүрген бұрынғы қызметкерін табуға көмектескендерге сыйақы берілетінін хабарлады

Дәуренбек Қожабаев
Дәуренбек Қожабаев. Фото: t.me/antikornews

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Антикордың бұрынғы қызметкері Дәуренбек Қожабаевқа халықаралық іздеу жарияланғанын, оны табуға көмектескендерге сыйақы берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 1978 жылғы Дәуренбек Қожабаев іздестіріліп жатыр.

Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, Агенттікке келесі телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33, хабарлау қажет", - делінген ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Антикор өкілдері іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік кепілдік берілгенін мәлімдеді.

Өңірлік Otyrar.kz басылымының 2022 жылғы мәліметіне сүйенсек, сол бастап Дәуренбек Қожабаев Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Қазір іздеуде жүрген Дәуренбек Қожабаевтың бұрын атқарған қызметі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ресми сайтындағы жарияланымда да кездеседі.

Антикор іздеуде жүрген бұрынғы қызметкерін табуға көмектескендерге сыйақы берілетінін хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.