Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңіл көтеру мекемелерін астыртын қолдаған": Алматы мен Шымкентте 14 адам ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Қылмыстық топ. Фото
Қылмыстық топ. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматы мен Шымкентте көңіл көтеру мекемелерін астыртын қолдады деген күдікпен 14 адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасы жариялаған ақпаратқа сүйенсек, тінту барысында ұсталғандардан атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленген.

"Топ мүшелерін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында ұстады", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша тергеу басталды.

Айта кетейік, ақпанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері елде ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 15 фактісі анықталып, топ мүшелері болуы мүмкін 30 адам ұсталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134695-kongil-koteru-mekemelerin-astyrtyn-qoldagan-almaty-men-shymkentte-14-adam-ustaldy-video/