Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Субұрқақта ақау жоқ": министр ҚазҰУ маңындағы жігіттің өлімі туралы айтты

Жарияланған күні:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті. Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Үкіметте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында 17 жастағы жасөспірім қаза тапқан субұрқақтың жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы университет маңында жас жігіттің өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама әлі жүргізіліп жатқанын айтты.

"Қорытындыны күтеміз, біз сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтуге мәжбүрміз. Сол кезде ресми ақпарат береміз", - деді ол.

Министрге адам өлімі болған субұрқақтың неліктен жұмысын жалғастырғаны жөнінде сұрақ қойылды.

"Субұрқақ қалыпты жұмыс істеп тұр, біз барлық техникалық ақауларды тексеріп шықтық, оның өзінде ешқандай ақау жоқ, біз сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтуіміз керек, содан кейін шешім қабылдау керек", - деп қосты Саясат Нұрбек.

Еске салсақ, 19 маусымда Алматыда кейбір түлектер үшін ҰБТ платформадағы ақауларға байланысты кейінге шегерілгені хабарланған болатын. Осылайша, бірінші лек 23 маусымға, екіншісі 30 маусымға ауыстырылды.

Сол күні журналист Михаил Козачковтың Telegram-дағы арнасында видео жарияланды, ол кадрлардан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ғ аумағындағы субұрқақтың маңында полиция қызметкерлері жүргені көрінеді.

Кейіннен Алматыдағы ҚазҰУ қалашығы аумағында жігіт қаза тапты деген ақпарат тарады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет кулуарында ҚазҰУ аумағында 11-сынып оқушысы қазасының екі ықтимал себебін атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2134809-suburqaqta-aqau-zhoq-ministr-qazuu-mangyndagy-zhigitting-olimi-turaly-aitty/