Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы аудиторлық палатасының тексерісінен кейін ДСМ-ға бағынышты ұйымдардың басшылары қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Дәрігер жұмыс кезінде
Дәрігер. Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі Жоғарғы аудиторлық палатасының тексеруінен кейін тиісті бақылаудың жоқтығын және жүйелік кемшіліктерді мойындады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

ДСМ ақпаратынша, министрлік пациенттердің, мемлекеттің және өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, дәрілік заттарға баға белгілеу тетігін қайта қарайды.

"Дәрілердің сапасын бағалау мен іріктеуде қауіпке бағдарланған тәсіл бойынша және фармацевтикалық өнімді әкелу тәртібінде өзгерістер енгізілуде", - делінген хабарда.

Бүгінде фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған. Ал 2024 жылғы наурызда стратегиялық ұсыныстарды әзірлеуге жауапты бейінді департамент құрылды.

Одан бөлек, сатып алу тиімділігін арттыру үшін Бірыңғай дистрибьютор жарамдылық мерзімдерін ескере отырып, тауарларды жоспарлау мен бөлуді автоматтандыратын ақпараттық жүйені енгізді. Бұл есептен шығарылған препараттардың санын азайтады.

Министрлік бірыңғай дистрибьютордың қызметі өндірушілермен тікелей шарттар жасасуға бағытталатынын, бұл делдалдарды алып тастаудың есебінен дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты.

"Ішкі тергеу жүйелі кемшіліктер мен тиісті бақылаудың жоқтығын анықтады, нәтижесінде министрліктің жауапты бөлімшелері мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының негізгі басшылары қызметінен босатылды.

Қабылданып жатқан шаралар Қазақстан халқын қауіпсіз және сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған", - делінген хабарда.

Еске салсақ, Жоғарғы аудиторлық палатаның Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына жүргізген аудиті барысында 3,7 млрд теңге шығын болған заңбұзушылықтар анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135295-zhogargy-esep-palatasynyng-tekserisinen-keiin-dsm-bagynyshty-uiymdardyng-basshylary-qyzmetinen-ketti/