Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәңгі өмірі басталды": қазақ баласы Жәнібекті асырап алған белгиялық әйел қайтыс болды

Жарияланған күні:

Жәнібек пен Валери. Фото
Жәнібек пен Валери. Фото: Instagram

Қазақ баласы ЭддиЖанды асырап алған белгиялық әйел Валери қайтыс болды. Әйел ұзақ әрі ауыр дертпен ауырған. Қаралы хабарды ЭддиЖан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жәнібек алдағы уақытта өміріндегі соңғы оқиғалармен бөлісетінін мәлімдеді. Сонымен қатар отандастарының көмегімен туған анасын да табатынына сенімді екенін сөз етті.

"Менің қымбатты достарым, отанымдағы достарым! Мені асырап алған анам қайтыс болды. Көңіл күйім дұрысталған уақытта соңғы бірнеше айда не болғанын баяндайтын бейнеролик түсіремін. Ал әзірге мені асырап алған анам Валеридің көкте мәңгі өмірі басталды деп үміттенемін. Сіздердің қолдауларыңызбен жақында туған анамды табамын деп үміттенемін", - деп жазды ол парақшасында.

Сондай-ақ қаралы хабарды журналист Қымбат Досжан да өз парақшасында жеткізген еді. Журналистің айтуынша, әйел 54 жасында қайтыс болған.

"Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас", - деп мәлімдеді ол.

Жазба астында Жәнібек барша қолдаушыларына алғысын білдірді.

"Мені қолдаған туған елімдегі әрбір отбасына алғыс айтамын. Мен сіздерді жақсы көремін. Жақында сіздермен тағы қауышуға асықпын", - деп пікір білдірді ол.

Біраз уақыт бұрын "Бармысың, бауырым" бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ жігіті Жәнібектің тағдыры жайлы айтқан болатын.

2004 жылы оны Валери есімді әйел асырап алған. ЭддиЖан биологиялық ата-анасын іздестіріп, Қазақстан халқынан көмек сұраған. Оның анасы болуы мүмкін 14 әйелден қан талдауы алынғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135583-qazaq-balasy-zhanibekti-asyrap-algan-belgiialyq-aiel-qaitys-boldy/