jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Жаңа оқу жылында оқушылар қанша күн демалатыны белгілі болды

Сынып
Сынып. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу ағарту министрлігі жаңа оқу жылының басталу мерзімі мен ұзақтығын, сондай-ақ 2024-2025 оқу жылындағы каникул кезеңдерін бекітті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқу жылының басталу және аяқталу күндері, сондай-ақ демалыс күндері Оқу ағарту министрлігінің "Нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланған бұйрығында көрсетілген.

Оқу жылы, құжатқа сәйкес, әдеттегідей 2024 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2025 жылғы 25 мамырда аяқталады.

1-тоқсанның ұзақтығы 8 оқу апта болады, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);

2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда);

1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпанды қоса алғанда).

4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

Еске салсақ бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астанадағы мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқу жылының басталуы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты кейінге шегерілуі мүмкін екенін хабарлаған едік.

Жаңа оқу жылында оқушылар қанша күн демалатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.