Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен қазақстандықтардың жарты табысы азық-түлікке кетеді: Ұлттық банк түсіндірді

Жарияланған күні:

Әйел чек қарап тұр
Азық-түлік. Көрнекі фото: sergeyryzhov/Getty Images

Қазақстанда халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығыны жалпы шығындардың 60 пайызынан асуы мүмкін. Бұған азаматтардың тамақты өздері пісіру әдеті, сондай-ақ олардың әл-ауқаты деңгейі себеп болып отыр. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстандықтар азық-түлік өнімдеріне қомақты қаржы жұмсайды. Мәселен, 2024 жылдың 1-тоқсанында азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған қаражат жан басына шаққанда шамамен 131,3 мың теңге болған еді.

Азаматтардың жалпы шығынын алып қарасақ, оның жартысынан астамы азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсалады екен. Мұны ҚР Ұлттық банкі жүргізген экономикалық зерттеу дәлелдеп отыр.

Мәселен, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2022 жылы үй шаруашылығының шығыстары құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі өңірлерге байланысты Астанада 42 пайыздан Маңғыстау облысында 61 пайызға дейін ауытқиды. Салыстырып қарайтын болсақ, көптеген дамыған елде азық-түлік үлесі жалпы шығындардың 15 пайызына жетпейді.

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, қымбатшылық себептерінің бірі – үйде тамақ әзірлеуге және тамақтануға байланысты қалыптасқан әдет. Қазақстандықтар кафелер мен мейрамханалардағы тамаққа өте аз ақша жұмсайды – 2022 жылы мұндай шығындардың үлесі небәрі 2,2 пайыз болды.

Халықтың әл-ауқатының деңгейі азық-түлік шығындарының жоғары деңгейіне де әсер етеді.

"Жан басына шаққандағы тұтынушылық шығындары ең төмен және азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсалатын шығындардың үлесі жоғары өңірлер еліміздегі төлем қабілеттілігінің төмен деңгейімен сипатталады, олардың қатарында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары бар", - деп атап өтті Ұлттық банк өкілдері.

Сондай-ақ сарапшылар халықтың қаржылық жағдайының аздап нашарлауын да атап өтті, бұл тұтынуға жұмсалған табыстың өмір сүру құнына медианалық қатынасының төмендеуімен көрінеді. Бұл елдегі өмір сүру құнының азаматтардың кірісіне қарағанда жылдам өсуіне байланысты болып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан қалаларында өмір сүру сапасы төмендей бастағаны белгілі болған еді: егер 2022 жылы орташа көрсеткіш 10 баллдың 4,8-ін құраса, 2023 жылы ол 4,6 балға төмендеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2135655-nelikten-qazaqstandyqtardyng-zharty-tabysy-azyq-tulikke-ketedi-ulttyq-bank-tusindirdi/