Алматыдағы қоғамдық көліктерде жолақысы қымбаттайды: жаңа тарифтер бекітілді
Жарияланған күні:
Бүгін Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясы өтті. Мәслихат депутаттары қоғамдық көлікте жол көлікте жол жүру тарифін 120 теңгеге көтеруді мақұлдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев өсім қосалқы бөлшектер мен шығын материалдары бағасының өсуімен байланысты екенін атады.
"Тасымалдаушылардың нақты шығысы 310 теңгеден асады, кейбір маршрутта 400 теңгеден асады, осыған байланысты әкімдік әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялайды. Қабылданған шаралар 2024 жылы субсидиялар сомасын 7 млрд теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қала тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және жайлы қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз етуге оң әсер етеді", - деп сөзін қорытындылады басқарма басшысы.
Экологиялық таза көлікті көбейту үшін 2023 жылы 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алынды, биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алуды жоспарланып отыр.
Бұл шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70 пайызға дейін арттырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2136804-almaty-maslihaty-zhol-zhuruding-zhanga-tarifin-maquldady/