Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнеркәсіп министрі утильалымға қарсы петиция талаптары қанағаттандырылмайтынын мәлімдеді (видео)

Жарияланған күні:

Көліктер
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 19 шілдеде өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың утильалым мен алғашқы тіркеуге қарсы петицияға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арнайы жұмыс тобын құрып, утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қатысты петицияны қарастырды.

Петицияны қарау барысында барлық заңнамалық талаптар сақталды.

Ашық қоғамдық талқылау нәтижесінде, петиция талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды", - делінген өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдемесінде.

Айта кетейік, биылғы 25 мамырда утильалымға қарсы петиция E-Petition.kz порталында жарияланған. Осы уақытқа дейін петицияға 50 мыңнан аса адам қол қойған.

Петиция авторлары 8 жыл бұрын утильалымды енгізу бәсекелестіктің жойылуына және соның салдарынан автокөліктердің, ауыл шаруашылығы техникаларының және арнайы техникалардың бағасының күрт өсуіне әкелді деп есептейді.

"Автокөлік пен механикаландыруға қатысты барлық нәрсенің бағасы өсті: жүк тасымалдау, механикаландыру және қоғамдық көлік қызметтері, азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, тұрғын үй құны және тағы басқалар қолжетімсіз бағаға байланысты Қазақстан азаматтары өздерінің жеке көліктерін жаңартуды тоқтатты, елдегі көліктер паркі қатты ескірді", - делінген петицияда.

14 маусымда осы петиция бойынша алғашқы отырыс өтті. Бұл отырыста өнеркәсіп вице-министрі петицияға 50 мың адам қол қойғанын және оны қарау және оны тиімді талқылау және барлық тараптың мүдделеріне сай келетін шешімдерді әзірлеу үшін сындарлы түрде қарау маңызды екенін атап өткен.

Кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр берген сұхбатында утильалым жойылса, Қазақстанда ескі көліктер қаптап, экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соғатынын мәлімдеген. Оның алдында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстанда утильалымды алып тастау туралы идеяны "делдалдар" алға тартып жатқанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137017-onerkasip-ministrligi-util-alymga-qatysty-petitsiia-talaptaryn-qanagattandyrylmaitynyn-habarlady/