Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады

Жарияланған күні:

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі 20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZNURKZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

"20 шілдеде тамызда өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталады. Өтінімдер қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.

Министрлік мәліметінше, тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

"Тамыз айындағы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар), шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады", - дейді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137020-elimizde-tamyzda-otetin-ubt-ga-otinish-qabyldau-qashan-bastalady/