Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды

Жарияланған күні:

"Жасыл ел" ХХ жұмыс маусымы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды.

Еліміз бойынша "Жасыл ел" бағдарламасы 2005 жылдан бері іске асырылып келеді. Жоба жасөспірімдер мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғай отырып, еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.

"Жасыл ел" ХХ жұмыс маусымы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Биыл облыс бойынша "Жасыл ел" еңбек жасағына 14 пен 35 жас аралығындағы 1000-нан аса жас сарбаз тартылып, маусымдық жұмыспен қамтылады. Аталмыш жоба әлеуметтік осал, көпбалалы отбасылардың балаларын, NEET санатындағы жастарды қолдауға бағытталған.

"Жасыл ел" ХХ жұмыс маусымы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алдағы екі ай көлемінде жас сарбаздар өңірді абаттандырып, өз өлкесін көгалдандырып қана қоймай, тиісті еңбекақысын алып, арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі. Осылайша облыс жастары "Таза Қазақстан" жалпыұлттық эко-науқанының аясындағы жұмысты жалғастырып облыстың экологиясын жақсартуға үлес қоспақ.

"Жасыл ел" ХХ жұмыс маусымы
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов "Жасыл ел" бағдарламасы жастар үшін өңірдегі ең табысты және ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі екеніне тоқталып, дәстүрлі еңбек маусымының ашылуымен облыс әкімінің атынан құттықтау тілегін жеткізіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін, "Жасыл ел" сарбаздары жұмыстарына бірден білек сыбана кірісіп Қапшағай су қоймасының жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп, демалушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны ластамау бойынша ақпараттық түсіндірме акциясын өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137029-almaty-oblysynda-zhasyl-el-zhastar-engbek-zhasagynyng-xx-mausymy-ashyldy/