jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай: қылмыстық іс қозғалды

Зауыт
Зауыт. Көрнекі фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Сенбі, 20 шілдеде Қарағандыдағы зауыттардың бірінде төтенше жағдай болып, 8 адам зардап шекті. Полиция өкілдері осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы тәртіп сақшыларына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қарағанды қаласындағы ферроқорытпа зауытында болған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі – "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын хабарлаған едік.

Зауыт өкілдері зардап шеккен жұмыскерлердің барлығы ауруханаға жеткізілгенін, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай: қылмыстық іс қозғалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.