Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды: оны бүкіл қала тұрғындары іздеді

Жарияланған күні:

Жасөспірім
Жасөспірім.Көрнекі фото: zik.ua

Семейде қала тұрғындары бір күннен астам іздеген үшінші сынып оқушысы табылды. Баланың жоғалғаны кеше түсте белгілі болды, деп хабарлайды Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кеше Семейде 9 жастағы Әлинұрдың жоғалып кеткені белгілі болды. Полицейлердің мәліметінше, 19 шілде күні сағат 12:00 шамасында ол үйден шығып кетіп, оралмаған.

Бала аман-есен табылды, оны бүкіл қала бір тәуліктен артық уақыт іздеді, деп хабарлайды Абай облыстық полиция департаментінің Telegram-дағы ресми арнасы.

Полицей және табылған бала
Полицей және табылған бала. Фото: t.me/dp_abai

Полиция қызметкерлері, еріктілер және алаңдаған қала тұрғындары бүкіл Семейді аралап іздеді. Олар қараусыз қалған ғимараттарды да, ойын-сауық орындарын да шарлады. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны Шығыс кентінің аумағында тапты.

Баланы полиция бөлімшеге жеткізіп, психологтің тексеруінен кейін Әлинұр ата-анасына тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137407-semeide-zhogalyp-ketken-9-zhasar-bala-tabyldy-ony-bukil-qala-turgyndary-izdedi/