jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Алаяқтар Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан хабарламалар жібере бастады

Ерболат Досаев
Алматы әкімі Ерболат Досаев. Фото: gov.kz

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі алаяқтардың қала әкімі Ерболат Досаевтың атынан хабарламалар жолдап жатқанын мәлімдеді. Азаматтардан оларға жауап бермеу сұралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"WhatsApp мессенджердегі жалған хабарламаның тарауына байланысты Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан келген мұндай хабарламаға жауап бермеуіңізді және сенбеуіңізді сұраймыз.

Күмәнді сілтемелерге кірмеген және ақша аудармаған жөн. Бұл сіздің қаржыңызды заңсыз жолмен алу мақсатында жасап отырған интернет-алаяқтардың тірлігі", - деп хабарлады оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, алаяқтар қазақстандықтарға өз хабарламаларын жоғары лауазымды тұлғалардың атынан жиі жібере бастаған.

Алаяқтар Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан хабарламалар жібере бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.